logo

2024 жылы Қазақстандағы еңбек демалысы: демалысты қалай есептеу керек

02 тамыз, 2024

Еңбек демалысы – жұмыскерлердің демалу және сауықтыру мүмкіндігін қамтамасыз ететін негізгі құқықтарының бірі болып табылады. 2024 жылы бұл құқық Қазақстандағы еңбек қатынастарының ажырамас бөлігі болып қала береді. Жұмыскерлер үшін бұл демалыс уақыты болғанымен, есепшілер үшін қағазбастылық пен демалыс ақысын есептеумен байланысты қызу жұмыс кезеңі болып табылады.
 
2024 жылы ҚР-дағы демалыс күндерін қалай санаймыз? Қандай ерекшеліктерді білуіміз керек? Қазақстан үшін өзекті болып табылатын демалыстардың түрлерін есепке ала отырып, осы мәселелерге тоқталайық. 
 
Ақылы еңбек демалыстарының түрлері
Қазақстанның ЕК-не сәйкес, жұмыскерлерге ақылы еңбек демалысының төменде көрсетілген түрлері ұсынылады:
  1. Негізгі ақылы еңбек демалысы – егер заңнамада немесе еңбек шарттарында басқаша көрсетілмесе, ұзақтығы 24 күнтізбелік күн ұсынылады.
  2. Қосымша ақылы еңбек демалысы – белгілі бір санатқа жататын жұмыскерлерге ұсынылады, олар:
  • Зиянды өндіріс жұмыскерлері
  • І және ІІ топтағы мүгедектер (қосымша 6 күн).
  • Экологиялық демалыс алуға құқығы бар жұмыскерлер. 
 
Еңбек демалысының ұзақтығы
Жұмыскерлер үздіксіз жұмыс істеген әрбір 12 айдан кейін кемінде 24 күнтізбелік күнге ақылы еңбек демалысын алуға құқылы. Егер қызметкер бір жылдан аз жұмыс істеген болса, демалыс жұмыс істеген уақытқа пропорционалды түрде беріледі. Демалыс уақытына сәйкес келетін мерекелік күндер демалыс уақытында есепке алынбайды. 
 
Еңбек демалысын беру тәртібі
Демалыс жұмыс беруші мен жұмыскердің арасындағы келісім бойынша ұсынылады. Жұмыскер демалысқа шығуға ниеті туралы жұмыс берушіге жоспарланған демалысының басталу күнінен кемінде екі апта бұрын хабарлауға міндетті. Жұмыскердің өтініші негізінде жұмыс беруші демалыс беру туралы бұйрық шығарады. 
 
Демалысты есептеу
Демалыс күндерін есептеу үшін төмендегі ерекшеліктерді есепке алу керек: 
  • Мереке күндеріне ақша төленбейді, алайда ол демалыс күндеріне қосылады. 
  • Демалыс күндерінің ақшасынан жалақы алғандағы секілді салықтар ұсталады.
  • Есептеу негізі  – жұмыс істелген кезеңнің орташа жалақысы (іссапарлар мен материалдық көмек саналмайды).
  • Демалыс күндерінің ақшасы демалыстың басталуына үш күн қалғанда түседі.
 
Өзіңіздің демалыс күндеріңізді қалай санайсыз?
 
Мысал келтірейік: Жұмыскер 2023 жылдың тамыз айынан бастап бес күндік жұмыс аптасымен жұмыс істейді және 180 000 теңге жалақы алады. 2024 жылдың қаңтарынан бастап оның жалақысы 250 000 теңгеге дейін өсті. Еңбек демалысы 2024 жылдың 5 тамызынан 18 тамызына дейін жоспарланған.
 
Біз не істейміз?
Жыл бойынша түскен жалақыны 12 айда жұмыс істеген күндер санына бөлеміз, бұл жағдайда 3 001 000 теңгені 249 күнге бөлеміз. Бір күндік орташа табысты аламыз, ол – 12 052 теңге болады. Сосын демалыстың жұмыс күндерінің санына көбейтеміз (10 күн). Демалыс төлемінің мөлшері 120 522,10 ₸ болады. Ал қолға түсетін еңбек демалысының ақысы 103 953 теңгені құрайды.
Естеріңізде болсын, демалыс күндері мереке күндерін есепке алмай есептеледі. Егер сіздің демалысыңыз мереке күніне сәйкес келсе, ол күндер төленбейді. 
 

Ай 

Нақты істелген жұмыс уақыты (күндері)

Есептелген жалақы мөлшері (теңге)

Коэффициент

Коэффициентті есепке алғандағы жалақы (теңге)

Тамыз 2023 ж.

22-нің 22-сі

180 000

1.39

250 200

Қыркүйек 2023 ж..

21-дің 21-і

180 000

1.39

250 200

Қазан 2023 ж.

21-дің 21-і

180 000

1.39

250 200

Қараша 2023 ж.

22-нің 22-сі

180 000

1.39

250 200

Желтоқсан 2023 ж.

20-ның 20-сы

180 000

1.39

250 200

Қаңтар 2024 ж.

21-дің 21-і

250 000

1.00

250 000

Ақпан 2024 ж.

21-дің 21-і

250 000

1.00

250 000

Наурыз 2024 ж.

17-нің 17-сі

250 000

1.00

250 000

Сәуір 2024 ж.

22-нің 22-сі

250 000

1.00

250 000

Мамыр 2024 ж.

20-ның 20-сы

250 000

1.00

250 000

Маусым 2024 ж.

20-ның 20-сы

250 000

1.00

250 000

Шілде 2024 ж.

22-нің 22-сі

250 000

1.00

250 000

Барлығы:

249-дың 249

   

3 001 000

Ұсынылған мәліметтерді есепке ала отырып, демалысты есептеу кестесі:

Осылайша:

Демалыс кезіндегі жұмыс күндерінің саны:

10 күн (толығырақ)

Демалыс күндерінің ақысы:

120 522.10 ₸

Ұстап қалу: міндетті зейнетақы жарнасы (МЗЖ):

12 052.21 ₸

Ұстап қалу: жеке табыс салығы (ЖТС):

2 105.95 ₸

Ұстап қалу: МӘМС жарнасы (МӘМСЖ):

2 410.44 ₸

«Қолға түсетін» демалыс күндерінің ақысы:

103 953.5 ₸

 
Қосымша берілетін демалыс күндерінің түрлері
 
Жыл сайынғы еңбек демалысынан бөлек, Қазақстан заңнамасы төменде көрсетілген демалыстарды қарастырады:
  • Жүктілігіне және баласының туылуына байланысты демалыс
  • Оқуға берілетін демалыс
  • Уақытша еңбекке жарамсыздық демалысы
Бұл демалыстардың әрқайсысының өз ерекшеліктері мен ұсынылу тәртіптері бар.
 
Өтемақы және айыппұлдар
Жұмыскерлер жұмыстан шығар кезде пайдаланылмаған демалыс күндері үшін өтемақы алады. Жұмыс беруші тарапынан жұмыскерлердің еңбек демалыстары жөніндегі құқығы бұзылса, жұмыс беруші 100 АЕК (2024 жылы 369 200 теңгені құрайды) көлеміндегі айыппұл төлейді.
 
Қорытынды 
Қазақстандағы 2024 жылғы еңбек демалыстары еңбек қатынастарының маңызды аспектісі болып қала береді. Демалыс күндерін ұсыну ережелері мен нормаларын  сақтау жұмысшылардың да, жұмыс берушілердің де құқықтарын қорғай отырып, салауатты және әділ еңбек жағдайларын сақтауға көмектеседі.