logo

ЭҚЖК-ын қалай өзгертуге болады

02 қыркүйек, 2024

ЭҚЖК(экономикалық қызметтің жалпы классификаторы) кәсіпкерлік қызметтің барлық мүмкін болатын түрлерін ұсынады. Бизнес бастар алдында сәйкес ЭҚЖК таңдау қажет болады. Егер Сіздің бизнесіңіз болып, бірақ ЭҚЖК-ын ауыстырғыңыз келсе, оны екі жолмен жасай аласыз.
 

Жеке кәсіпкерлер (ЖК) үшін:

Статистика кабинеті сайтының респонденті кабинетінен ЭҚЖК-ын өзгерте аласыз.

  • Немесе электронды лицензиялау сайтынан өзгерте аласыз.
     

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС) үшін: Тек статистика кабинеті сайтының респонденті кабинетінен ЭҚЖК-ын өзгерте аласыз.

Респондент кабинетінен ЭҚЖК-ынқалай өзгертуге болады:

Бұл тәсіл ЖК үшін де, ЖШС үшін де қолжетімді. Төмендегі сатылардан өтіңіз:

  1. ЭСҚ қолданып, респондент кабинетіне кіру.1
  2. «Респонденттің деректері» бөліміне өту.2
  3. Төменгі оң жақ бұрыштағы «Өңдеу» батырмасын басыңыз. 3
  4. «ЭҚЖК экономикалық қызметтің негізгі коды» бөліміндегі «Өңдеу» батырмасын басыңыз. 4
  5. Ашылған терезеден қажет ЭҚЖК таңдаңыз, өнім көлемін көрсетіп, өзгертулер түрін таңдаңыз: уақытша ма әлде тұрақты ма.5
  6. «Сақтауды» басып, тұлғаның электронды поштасы мен ЖСН енгізіңіз. Тексерілгеннен кейін жүйе сіздің өтініміңізді қабылдайды. Өтініш статусын респондент кабинетінен қарап отырсаңыз болады. 6

Электронды лицензиялау(elicense.kz) сайтынан ЭҚЖК-ын қалай өзгертуге болады:

Бұл тәсіл тек ЖК үшін қолжтімді. Бұл үшін:

  1. ЭСҚ көмегімен сайттағы жеке кабинетке авторизацияланыңыз. 1
  2. «Қызмет көрсету» бөлімін таңдаңыз.2
  3. Әрі қарай «Хабарлау тәртібі» бөліміне өтіп, «Жеке кәсіпкер ретінде қызметтің басталуы туралы хабарлама» бөлімін таңдаңыз.3
  4. «Жеке кәсіпкердің ақпаратындағы өзгерістер туралы хабарлама» бөлімін таңдап, «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасын басыңыз.4
  5. ЖК тіркелген салық органын таңдап, жаңа өтініш жасау керек.5
  6. «Негізгі ЭҚЖК» бөлімінен жаңа кодты таңдап, ЭСҚ көмегімен қолыңызды қойып, жұмысты аяқтайсыз. 6

Өтінім статусын «Өтініштер мен алынған қызметтердің тарихы» бөліміндегі жеке кабинеттен тексере аласыз.  

Мүмкін болатын қиындықтар:

Жаңа ЭҚЖК таңдау кезінде оның компанияның салық режиміне сәйкес келетініне көз жеткізу керек. Егер ЭҚЖК сәйкес келмесе, өтініш қарастырылмайды. Мұндай жағдайда басқа ЭҚЖК таңдау керек болады немесе салық салу режимін өзгерту қажет.

ЭҚЖК онлайн өзгерту – бұл тегін қызмет. ЖК мен ЖШС оны статистика комитетіндегі респондент кабинеті арқылы қолдана алады, ал ЖК мұны сонымен қатар электронды лицензиялау сайты арқылы жасай алады. Мұны жасау үшін ЭСҚ кілт қажет.