logo

2024 ЖЫЛЫ ЖШС-ІН ҚАЛАЙ АШАМЫЗ?

08 сәуір, 2024
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қысқаша ЖШС, Қазақстан Республикасының аумағында бизнес жүргізудің кең таралған түрі болып табылады. Заңды тұлғаның мұндай түрін, 15 адамға дейінгі жұмыскерлері бар кішігірім кәсіпорындардан басталып, жұмыскерлер саны 250-ге дейін жететін ірі ұйымдармен аяқталатын түрлі көлемдегі компаниялар аша алады. 
 
Қазақстанның елді мекендерінде ЖШС ашу осы мақалада егжей-тегжейлі қарастырылатын бірқатар маңызды аспектілерді түсінуді талап етеді.
 
 
Дайындық кезең
  1. Заңды мекен-жайды анықтау: ЖШС құрылтайшының тұрғылықты мекен-жайы бойынша немесе жалға алынған/сатып алынған жерде тіркелуі мүмкін. 
  2. Атауын таңдау: атауы сирек кездесетін болуы керек және үш тілде: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде көрсетілуі қажет. 
  3. Қызметтерді классификациялау: ЭҚЖҚК (экономикалық қызметтің жалпы қазақстандық классификаторы)  бойынша комания қызметінің түрлерін анықтау. 
  4. Бизнестің ауқымын анықтау: Бұл жарғы капиталының көлеміне әсер етеді. Микробизнес үшін жарғы капиталы нөлдік болуы мүмкін, орта және ірі бизнес үшін – ең азы 100 АЕК (2024 жылы бұл 3 692 000 теңгені құрайды). 
  5. Салық салу тәртібін таңдау.
 
Құжаттарды дайындау
  1. Құрылтай шарты: Егер, компанияның негізін қалаушылардың саны 1 және одан көп болса қажет болады.  
  2. Серіктестік ашу туралы шешім.
  3. Компания жарғысы: Жеке немесе стандартты формалар негізінде жасалуы мүмкін.
  4. Электрондық сандық қолтаңба (ЭСҚ): Онлайн-тіркелу кезінде барлық құрылтайшылар үшін қажет болады.
ЖШС-ті тіркеу
 
ЖШС-ті Халыққа қызмет көрсету орталығында (ХҚКО) жеке немесе Egov.kz. электронды үкімет порталы арқылы онлайн тіркеуге болады. 
 
1. ХҚКО-да жеке тіркеу: Құрылтай шартын, компанияның заңды мекен-жайын растайтын құжаттарды ұсыну керек және мемлекеттік баж салығын (ірі бизнес үшін) төлеу қажет. 
2. Egov.kz сайты арқылы онлайн тіркелу: Бұл жерде көп құжат қажет болмайды.Онлайн форманы толтырып, сканерден өткізілген құжаттарды тіркейсіз де, баж салығын төлейсіз (ірі бизнес үшін). Формаға қол қою ЭСҚ көмегімен жасалады. 
 
ЖШС үшін есеп-шот ашу
 
Тіркеуден өткеннен кейін банктік есеп-шот ашып, жұмыс берушінің жауапкершілігін сақтандыру үшін сақтандыру компаинясына жүгіну керек. Шот ашу үшін заңды тұлғаны тіркеу туралы куәлік, компания жарғысы және құрылтайшылардың куәліктері керек болады. 
 
Шет ел азаматтары үшін ЖШС тіркеу
 
Шет елдік азаматтар Қазақстанда ЖШС-ін аша алады, алайда бұл үшін куәліктерінің көшірмесі және қазақстандық ЖСН секілді қосымша құжаттарды ұсыну қажет болады. Құжаттар қазақ және орыс тілдеріне аударылып, нотариус арқылы куәландырылуы керек.