Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті кәсіпкерлерге салықтық тексерістерге алдын ала дайындалудың маңызын ескертеді. Бұл бизнес үшін айыппұлдардан аулақ болуға және мемлекетпен ашық қарым-қатынас орнатуға көмектеседі.
Ішкі салық аудитін жүргізіңіз
Салық есептерін, есептеу тәсілдерін жүйелі түрде тексеру — қателіктерді алдын ала анықтап, оларды тексеріске дейін жоюға мүмкіндік береді.
Есеп саясаты мен құжаттаманы жаңартыңыз
Бухгалтерлік және салықтық есеп саясаты заңнама талаптарына сай болуы керек. Барлық бастапқы құжаттар дұрыс рәсімделіп, тексерушілер үшін қолжетімді жағдайда сақталуы қажет.
Салық заңнамасындағы өзгерістерді бақылаңыз
Кәсіпкерлер ККК, МКД және УМК ресми түсіндірмелерін қоса алғанда, салық және бухгалтерлік заңнамадағы өзгерістерді тұрақты бақылауы тиіс.
Қызметкерлердің біліктілігін арттырыңыз
Бухгалтерлер мен салық саласындағы мамандарды оқыту — заң бұзушылықтардың алдын алуға көмектеседі.
Салық органдарымен уақтылы байланысыңыз
Хабарлама немесе сұраныс алған кезде белгіленген мерзімде жауап беріп, қажет болған жағдайда тәжірибелі салық кеңесшілерінің көмегіне жүгінген жөн.
ҚР Салық кодексінің 211-бабының 5-тармағы 1) тармақшасына сәйкес, салықтық тексеріс туралы нұсқама алынғаннан кейін тексерілетін кезең бойынша салық есептілігіне өзгеріс енгізуге тыйым салынады.
Қорытынды:
2025 жылы салықтық тексерістерге алдын ала және жүйелі дайындалу — бизнесіңіздің тұрақтылығы мен мемлекет алдындағы сенімділігінің кепілі.