Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2026 жылы жеке практикамен айналысатын тұлғаларды (ЖПАТ) салық салу тәртібін түсіндірді.
Салық кодексіне сәйкес ЖПАТ санатына мыналар жатады:
- жеке нотариустар
- жеке сот орындаушылары
- адвокаттар
- кәсіби медиаторлар
Тіркеу және есепке қою
ЖПАТ-ты тіркеу, тіркеу деректерін өзгерту және есептен шығару Салық кодексінің 97 және 98-баптарымен реттеледі. Тіркелу үшін салық органына тиісті өтініш беріледі.
Салықтар және мөлшерлеме
Жеке практикамен айналысатын тұлғалар салық салынатын табыс бойынша 9% мөлшерлемемен жеке табыс салығын (ЖТС) төлейді.
Егер табыс болмаса, әлеуметтік салық төленбейді.
Салықтық шегерімдер
ЖПАТ келесі шегерімдерді қолдана алады:
- әлеуметтік төлемдер бойынша шегерім
- базалық салықтық шегерім
- әлеуметтік салықтық шегерімдер
Салық төлеу мерзімі
Есептелген салық ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірілмей төленуі тиіс.
ҚҚС бойынша талаптар
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ЖПАТ қосылған құн салығын (ҚҚС) төлеуші болып табылмайды және ҚҚС бойынша тіркеуден шығарылады. Бұрын берілген тіркеу куәліктері жарамсыз деп танылады.
Салық есептілігі
Табыс пен мүлік туралы декларация (ФНО 270.00) есепті жылдан кейінгі жылдың 15 қыркүйегіне дейін тапсырылады.
Қызметті тоқтату
Қызметін тоқтатқан жағдайда ЖПАТ:
- қызметін тоқтату туралы өтініш береді
- тарату (ликвидациялық) салық есептілігін тапсырады
Әдетте, ФНО 200.00 немесе 270.00 нысандары «ликвидациялық» белгісімен ұсынылады.
+7 (707) 350 02 20