logo

КГД: Шығыс операцияларын тоқтату туралы өкімдер кері қайтарылады

13 сәуір, 2026

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті салықтық әкімшілендіруді цифрландыру аясында камералдық бақылау процестерін толық автоматтандыру бойынша жұмыстар жүргізуде.

Автоматтандыру камералдық бақылау хабарламаларын қалыптастырудан бастап, олардың орындалуын және орындалмауын бақылауға, сондай-ақ тиісті салықтық шараларды қолдануға дейінгі барлық кезеңді қамтиды. Бұл шаралар адами факторды азайтуға, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмауға және салықтық әкімшілендіру шараларын негізсіз қолданудың алдын алуға бағытталған.

Сонымен қатар, жаңа автоматтандыру әдісін енгізу барысында техникалық қате анықталып, соның салдарынан камералдық бақылаудың жекелеген хабарламалары бойынша банк шоттарындағы шығыс операциялары негізсіз тоқтатылған.

Қазіргі таңда аталған қате жойылды. Бұған дейін шығарылған шығыс операцияларын тоқтату туралы өкімдерді кері қайтару жұмыстары жүргізілуде, олардың бір бөлігі қазірдің өзінде кері қайтарылды. Барлық жұмыстар 2026 жылғы 10 сәуірге дейін аяқталады.

Мемлекеттік кірістер комитеті келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды және қазіргі уақытта жүйе қалыпты режимде жұмыс істеп тұрғанын хабарлайды.