Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы 2024 жылғы 12 қазаннан бастап ұйымдар қызметкерлерінен электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) кілттерін беруге өтінімдерді растауға, сондай-ақ заңды тұлғаға берілген ЭЦҚ қолданыстағы кілттерін кері қайтарып алуға өкілеттіктерді беру тәртібі өзгергенін хабарлайды.
Енді бірінші басшы ҚР ҰКО жеке кабинеті арқылы ЭЦҚ кілттері бар нақты қызметкерге өкілеттік бере алады. Ол үшін "құқықтарды беру" мәзірінде "қол қою құқығы бар қызметкер" шаблонын таңдап, қызметкердің ЖСН көрсету қажет.