
Пилоттық жобаның мақсаты бюджеттен ҚҚС қайтару бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуді жаңғырту және жетілдіру болып табылады.
Мемлекет басшысының 2024 жылғы 7 ақпанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысында берілген тапсырмасына сәйкес қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Ұлттық банкімен бірлесіп цифрлық теңгені пайдалана отырып, бірқатар жобалар іске асырылуда.
Цифрлық теңге қолма-қол және қолма-қол ақшасыз қаражатты толықтыратын ұлттық валютаның жаңа формасы ғана емес, сонымен қатар қаржы ағындарын бақылау құралы болып табылады.
Пилоттық жоба ерікті түрде жүргізілетін болады және осы кезеңде ҚҚС-ты тексеруді жүргізбей 55/75 жұмыс күннің орнына 15 жұмыс күні ішінде жеделдетіп қайтару мақсатында экспорттаушыларға арналған.
Жоба шеңберінде қатысушылар Ұлттық Банктен ҚҚС таңбаланған (бағдарламаланатын) цифрлық теңгені екінші деңгейдегі банктер арқылы сатып алатын болады, ол тек қана әртүрлі деңгейдегі электрондық шот-фактуралар бойынша жеткізушілермен есеп айырысу үшін, сондай-ақ ҚҚС төлеу бойынша бюджетпен есеп айырысу үшін пайдаланылатын болады.
Өз кезегінде Ұлттық Банкке цифрлық теңгемен жасалған транзакциялар бойынша барлық ақпарат, сондай-ақ жеткізушілер бойынша ҚҚС қозғалысы және оның бюджетке түсуі туралы мәліметтер берілетін болады.
Цифрлық теңгені олардың таңбаланған бөлігінде басқа мақсаттар үшін пайдалануға немесе қолма-қол ақшаға айналдыруға болмайды.
Олар қазынашылық шотқа түскеннен кейін ғана Қазынашылық комитеті Ұлттық банкте таңбалайды және қаражатты салық төлеушінің дербес шотында тиісті жазба жүргізілетін Бірыңғай қазынашылық шотқа жібереді.
Осылайша, ҚҚС төлеу схемаларын қолданатын жосықсыз салық төлеушілердің саны азаяды.
Бірлескен бұйрық 2024 жылғы 7 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді және ол қолданысқа енгізілген күннен бастап 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.