logo

2025-2027 жылдарға арналған Статистикалық жұмыстардың жаңа жоспары бекітілді

11 қараша, 2024
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы 2025-2027 жылдарға арналған Статистикалық жұмыстардың жаңа жоспарын бекітті. Құжатқа Бюро басшысының м.а. 2024 жылғы 4 қарашада (№2 бұйрық) қол қойылды және 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
 
Жоспар екі негізгі бөлімнен тұрады:
 
1-бөлім: статистикалық бақылаулар және басқа да деректер көздері. Бұл бөлімде бастапқы деректерді жинау мерзімдерін, олардың атауын, кезеңділігін, сондай-ақ деректерді жеткізушілер мен алушылар туралы ақпаратты көрсете отырып, жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқаулардың тізбесі келтірілген. Сондай-ақ, бөлімде әкімшілік және балама ақпарат көздерін қоса алғанда, деректерді ұсыну туралы мәліметтер бар.
 
2-бөлім: жиынтық статистикалық жарияланымдарды қоса алғанда, мемлекеттік статистика органдары қалыптастыратын ресми статистикалық ақпарат. Мұнда пайдаланушылар үшін деректерді беру мерзімділігі, жауапты органдары, қалыптасу мерзімі және нысаны көрсетілген статистикалық жарияланымдардың тізімі көрсетілген.
 
Айта кетейік, статистикалық жұмыстардың жаңа жоспары 2025 жылға арналған бұрын бекітілген құжаттың жалғасы болып табылады (2024 жылғы 28 маусымдағы № 97 бұйрық), сондай-ақ үш жылға арналған жоспарды қалыптастыру, келісу және бекіту тәртібін бекіткен 2024 жылғы 28 қазандағы № 167 бұйрықпен енгізілген өзгерістерді көрсетеді.