Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі банктік аударымдарға ҚҚС салу туралы ақпаратқа түсініктеме берді.
Жаңа Салық кодексі жобасында екінші деңгейлі банктердің комиссиялары үшін ҚҚС жеңілдіктерін алып тастау қарастырылуда. Бұл банктік карталарды шығару немесе шоттар арасындағы аударымдар үшін алынатын комиссияларға қатысты. Алайда, азаматтардың өзара есепшоттар арасындағы аударымдарына салық салынбайды.
Егер банктер ішкі аударымдар үшін комиссия ұстамаса, онда ҚҚС мұндай жағдайларда қолданылмайды.
Қазіргі уақытта Кодекс жобасы әзірлеу сатысында және Парламентте, бизнес-қауымдастықтармен және жұртшылықпен талқылануда. Құжаттың соңғы нұсқасы 2025 жылы қабылданады деп жоспарлануда.
Салық заңнамасындағы өзгерістерді қадағалап, клиенттерімізді жаңалықтар туралы уақытылы хабардар етіп отырамыз.