logo

ЭШФ АЖ өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

26 желтоқсан, 2024
Құрметті салық төлеушілер!
 
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті 2024 жылғы 11 қыркүйектегі №619 бұйрықпен 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап ЕАЭО шеңберінде тауарларды әкелу/әкету кезінде «Нетто салмағы» бағанының міндетті толтыру бөлігінде ТІЖ қағидаларына толықтырулар енгізілгенін еске салады.
Сондай-ақ, ТІЖ бланкісінің К бөлімі «Автомобиль көлігімен тасымалданатын жүк туралы деректер» оңтайландырылды (бөлім 31 бағанға қысқартылды).
2024 жылғы 12 қыркүйектен бастап бұл өзгерістер ЭШФ АЖ тест серверінде қолжетімді (https://test3.esf.kgd.gov.kz). 
Өзгертілген функционалмен танысуды және қажет болған жағдайда 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін өз есеп жүйелеріндегі осы өзгерістерді ескеруді сұраймыз.
Әзірлеуші жинағы (SDK ТІЖ бланкі бойынша жаңартулармен) https://kgd.gov.kz/ru/content/api-interfeys-elektronnye-scheta-faktury-1 МКК сайтында жүктеп алуға болады.
Сонымен қатар, 2024 жылғы 26 желтоқсанда сағат 00:00-ден 02:00-ге дейін ЭШФ АЖ-де жүйені жаңарту бойынша жұмыстар жүргізілетінін хабарлаймыз. Көрсетілген уақыт аралығында ақпараттық жүйе қол жетімді болмайды.
Жаңарту ТІЖ бланкісіне тиісті өзгерістер енгізу мақсатында жүргізілетін болады.