Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (МКК) салық міндеттемелерін төмендету жағдайларын анықтау және жолын кесу бойынша жұмыстарды жалғастыруда.
Камералдық бақылау нәтижесінде салық төлеушілерге бұзушылықтарды өз бетінше жою үшін салықтық есептілікті тапсыру немесе салықтарды және бюджетке төлемдерді төлеу туралы хабарлама жіберіледі. Алайда, кейбір салық төлеушілер мұндай хабарламаларды формалды түрде орындайды, сондықтан МКК оларды мұқият тексеріп, қосымша салықтық тексерулер тағайындайды.
Мысал ретінде:
Салықтық тексеру барысында салық төлеушінің 2022 жылдың 4-тоқсаны бойынша ҚҚС сомасын 95,5 млн теңгеге төмендеткені анықталды. Ол бастапқыда бұл бұзушылықты қосымша салықтық есептілікті тапсыру арқылы жойды. Алайда кейіннен 2022 жылдың 3-тоқсаны үшін есептелген салық сомасын жасанды түрде көбейту арқылы салық міндеттемесін қайтадан төмендеткені белгілі болды. Бұл әрекет жарамсыз мәмілелерді заңсыз түрде есепке алу арқылы жасалған.
МКК қандай шаралар қабылдады?
- 354 салық төлеушінің қызметі тексерілді.
- 38 салық төлеуші қосымша декларациялар тапсырып, 6,1 млрд теңге көрсетті, оның 2,1 млрд теңгесі өндірілді.
- 28 салықтық тексеру тағайындалды, болжамды қосымша есептеу сомасы – 1,4 млрд теңге.
- 4 тексеру аяқталды, 437 млн теңге қосымша есептелді.
МКК салық заңнамасын бұзушылықтарды анықтау және болдырмау жұмыстарын жалғастыруда. Салық төлеушілерге заң талаптарын қатаң сақтау ұсынылады, өйткені салықтан жалтару қаржылық айыппұлдар мен әкімшілік жауапкершілікке әкелуі мүмкін.