logo

2024 жылға көлік салығын төлеу

19 ақпан, 2025

Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті 2024 жылға көлік салығын төлеу мерзімі 2025 жылдың 1 сәуірінде аяқталатынын хабарлайды.

Салықты есептеу тәртібі
2024 жылға көлік салығын есептеу үшін айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 3 692 теңге мөлшері қолданылады.

Салық сомасын қайдан білуге болады?
Салық сомасы туралы ақпарат «Жеке тұлғаларға арналған алдағы төлемдер» сервисінде қолжетімді:
kgd.gov.kz веб-порталы
– e-Salyq Azamat мобильді қосымшасы
– Kaspi Bank және Halyk Bank мобильді қосымшалары

Салықты қалай төлеуге болады?
Көлік салығын келесі жолдармен төлеуге болады:
– egov.kz порталында «Салықтар және қаржы» бөлімінде (банктік карта арқылы)
– Екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы
– Екінші деңгейлі банктердің кассаларында
– «Қазпошта» бөлімшелерінде
– post.kz сайтында «Төлемдер» → «Салық төлемдерін төлеу» → «Салықтар» бөлімінде

Салықты уақтылы төлемеу айыппұлдың есептелуіне әкелуі мүмкін.