Мемлекеттік кірістер комитеті көлік құралдары иелеріне салықты уақытында төлеу қажеттігін еске салады. 2024 жылға көлік салығын төлеу мерзімі – 2025 жылдың 1 сәуіріне дейін.
Салық сомасын есептеу үшін 2024 жылы қолданылған айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 3 692 теңге негізге алынады.
Көлік салығын өз бетінше есептеу үшін kgd.gov.kz веб-порталындағы онлайн-калькуляторды немесе «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасын пайдалануға болады.
2025 жылғы 11-31 наурыз аралығында екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы PUSH-хабарламалар жіберіледі.
Сонымен қатар, салық туралы ақпаратты kgd.gov.kz веб-порталындағы «Жеке тұлғалар үшін алдағы төлемдер» сервисінен, «e-Salyq Azamat» және екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларынан тексеруге болады.
Салықты уақытында төлеу айыппұл мен өсімпұлдан сақтануға мүмкіндік береді.