2025 жылғы 12 наурыздан бастап үш компонентті интеграцияланған жүйені (ҮИЖ) тіркеу, өзгерту және есептен шығару туралы өтініштер Салықтық әкімшілендірудің жаңа ақпараттық жүйесі (СӘИЖ) арқылы қабылданады. ҮИЖ өтініштерін енді салық төлеушінің жаңартылған кабинетінде (СӘИЖ СТК) жіберуге болады.
Бұрын берілген өтініштерді көру мүмкіндігі салық төлеушінің ескі кабинетінде де сақталады (cabinet.kgd.gov.kz).
Жаңа жүйе салық төлеушілер үшін өтініш беру және өңдеу процесін жеңілдетіп, мемлекеттік органдармен өзара әрекеттесуді тиімді етеді.