logo

E-Salyq Azamat және e-Salyq Business қосымшаларындағы алаяқтық. Қауіпсіздік шаралары

13 наурыз, 2025

Мемлекеттік кірістер комитеті e-Salyq Azamat және e-Salyq Business мобильді қосымшаларына қатысты алаяқтық әрекеттер анықталғанын хабарлайды. Пайдаланушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін келесі сақтық шараларын сақтау маңызды:

  • WhatsApp, Telegram және басқа мессенджерлер арқылы келген белгісіз файлдарды ашпаңыз. e-Salyq Azamat және e-Salyq Business қосымшалары мессенджерлер арқылы хабарлама жібермейді.
  • WhatsApp, Telegram және басқа мессенджерлерде e-Salyq Azamat немесе e-Salyq Business атынан келген сілтемелерге өтпеңіз.
  • Жеке деректеріңізді (аты-жөні, телефон нөмірі, лауазымы, мекенжайы және басқа ақпарат) енгізбеңіз және үшінші тұлғаларға жібермеңіз.
  • Техникалық мәселелер бойынша e-Salyq Azamat және e-Salyq Business мобильді қосымшаларының қолдау қызметіне support_portal@kgd.minfin.gov.kz электрондық поштасы арқылы хабарласыңыз.

Өз деректеріңізді қорғау және алаяқтықтан сақтану үшін осы қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтаңыз.