Қазақстанда сыртқы электрондық сауданы кедендік рәсімдеуді жеңілдетуге бағытталған пилоттық жоба жалғасуда. Алғаш рет бұл бастама 2023 жылғы 4 шілдеде Еуразиялық экономикалық комиссия шешімдерінің аясында іске қосылды. Енді оның мерзімі ЕАЭО Кеден кодексіне өзгерістер енгізілгенге дейін ұзартылды.
Жоба халықаралық пошта жөнелтілімдері мен жедел жеткізу арқылы шекарадан өтетін тауарларды кедендік ресімдеу процесін жеделдетуге мүмкіндік береді. Оны «Қазпошта» АҚ жүзеге асырып, жеке тұлғалар – алушылар атынан тауарларды декларациялайды.
Жобаны жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының Кеден кодексіне өзгерістер енгізілді. Оларға жаңа 45-1 тарауы мен пилоттық кезеңнің мерзімін белгілейтін 544-бапқа түзетулер кіреді. 2024 жылы «Қазпошта» АҚ мен мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері интеграцияланды, бұл кедендік операцияларды айтарлықтай жеделдетіп, автоматтандыруға мүмкіндік берді.
Пилоттық жобаны ұзарту Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 10 ақпандағы № 164-VIII Заңымен бекітілді. Бұл шешім сыртқы электрондық сауда саласына цифрлық технологияларды енгізуді жалғастырып, кәсіпкерлер мен тұтынушылар үшін қолайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік береді.