Мемлекеттік кірістер комитеті «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінде жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлайды. 2025 жылғы 12 сәуір сағат 00:00-ден бастап 13 сәуір сағат 23:00-ге дейін ЭСҚЖ жүйесі уақытша қолжетімсіз болады.
Осы кезеңде қағаз нұсқада құжаттарды рәсімдеуге мүмкіндік беріледі. Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 412-бабының 2-тармағы және СНТ ресімдеу қағидаларының 64, 65-тармақтарына сәйкес салық төлеушілерге рұқсат етіледі:
– 2025 жылғы 14 сәуірден бастап 15 күнтізбелік күн ішінде қағаз түріндегі шот-фактураны рәсімдеп, жүйеге енгізу
– 2025 жылғы 14 сәуірден бастап 3 жұмыс күні ішінде қағаз түріндегі тауарларға ілеспе жүкқұжатты рәсімдеп, жүйеге енгізу
Жүйенің уақытша қолжетімсіз болуына байланысты айыппұл санкциялары қолданылмайды.
МКК салық төлеушілердің түсіністігіне алғыс білдіреді және ақпараттық жүйелерді жақсарту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын хабарлайды.