logo

Салық берешегін 1414 нөмірі арқылы автоматты түрде тексеруге болады

11 сәуір, 2025
Мемлекеттік кірістер комитеті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен бірлесіп, жеке тұлғаларға арналған жаңа автоматтандырылған қызметті іске қосты. Енді салық берешегі туралы ақпаратты 1414 бірыңғай байланыс орталығы арқылы тексеруге болады.
 
1414 нөміріне қоңырау шалып, дауыс көмекшісіне салық берешегі туралы сұрақ қою жеткілікті.
 
Жүйе абонентті телефон нөмірі, ЖСН және мобильді азаматтар базасында тіркелген нөмірге жіберілетін бір реттік SMS-код арқылы автоматты түрде сәйкестендіреді.
 
Егер берешек бар болса, жүйе оны дауыс арқылы хабарлап қана қоймай, нақты сомасы көрсетілген SMS-хабарлама да жібереді.
 
Бұл қызмет мемлекеттік мекемелерге бармай-ақ немесе онлайн-сервистерге кірмей-ақ, салық берешегі туралы деректерді жылдам әрі ыңғайлы алуға мүмкіндік береді.