БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) қате аударылған жағдайда оларды қайтару тәртібін түсіндірді. Егер агент (жұмыс беруші) қателікті өзі анықтаса немесе салымшыдан жазбаша өтініш алса, онда ол келесі жарналар мен өсімпұлдарды есептеу арқылы түзетулер енгізуі тиіс.
Егер мұндай түзету мүмкін болмаса, агент «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына МЗЖ мен өсімпұлды қайтару туралы өтінішпен жүгінеді.
Өтінішке қате аударылған сома салымшының жеке зейнетақы шотынан есептен шығарылатыны туралы нотариалды куәландырылған келісім қоса беріледі.
Мемлекеттік корпорация агенттің өтінішінің негізінде электрондық форматта өтініш жасап, оны БЖЗҚ-ға жолдайды. Ал БЖЗҚ өтініш негізінде қаражатты қайтаруды жүзеге асырады.