logo

МКК жалған салық хабарламаларына қатысты ескерту жасады

17 сәуір, 2025

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті салық төлеушілерге алаяқтардың тарапынан таралып жатқан жалған хабарламалар туралы хабарлайды. Қаскүнемдер «Салықты төлеу қажеттілігі туралы ескерту» деген атаумен электрондық пошта немесе WhatsApp арқылы фейк хабарламалар жіберуде.

МКК ресми хабарламалардың тек комитеттің ақпараттық жүйелері арқылы қалыптасатынын және олар нормативтік-құқықтық актілермен бекітілгенін еске салады. Мұндай хабарламалар «Салық төлеушінің кабинетіне», «Электрондық үкімет» порталының жеке кабинетіне және «e-Salyq», ESA, ESB мобильді қосымшаларына ғана жіберіледі.

Хабарлама нөмірлері автоматтандырылған жүйе арқылы қалыптасады және электронды поштаға тікелей жолданбайды. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша жасалған хабарламалар салық төлеуші тарапынан жеке сұрау салу арқылы ғана PDF форматында жіберіледі.

МКК азаматтарды күмәнді сілтемелерге өтпеуге, бейтаныс хабарламаларға сенбеуге, жеке деректерін бермеуге және ақшалай қаражат аудармауға шақырады. Хабарламаның шынайылығын тек ресми арналар арқылы тексеруге кеңес береді.