2025 жылғы 13 қаңтардан бастап Қазақстанда халықаралық ISO 20022 стандартына сәйкес төлем хабарламаларының жаңа форматы енгізілді. Осыған байланысты Ұлттық Банктің 2016 жылғы 31 тамыздағы № 208 қаулысымен бекітілген қолма-қол ақшасыз төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру ережелеріне өзгерістер енгізілді. Бұл туралы Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті хабарлады.
Жаңартылған талаптарға сәйкес, бюджетке төлем жасау кезінде қолданылатын төлем тапсырмасы нысанына «Нақты төлеуші» және «Ақша жіберуші» деген жаңа жолдар қосылды.
Төлем тапсырмаларын толтыру тәртібі
Егер заңды тұлға өз филиалы үшін салық немесе әлеуметтік төлемдерді төлейтін болса:
-
«Нақты төлеуші» жолында филиалдың атауы көрсетіледі;
-
«ЖСН (БСН)» жолында филиалдың БСН жазылады;
-
егер «Ақша жіберуші» жолында бас ұйымның БСН көрсетілсе, төлем тиісті құрылымдық бөлімшенің жеке шотына түседі.
Егер сот орындаушысы борышкер үшін бюджетке төлем жүргізсе:
-
«Нақты төлеуші» жолында борышкердің аты-жөні жазылады;
-
«ЖСН (БСН)» жолында борышкердің ЖСН/БСН көрсетіледі;
-
ал «Ақша жіберуші» жолында сот орындаушысының деректері жазылады.
Қалған барлық жағдайларда бюджетке төлемдер «Ақша жіберуші» жолында көрсетілген ЖСН/БСН бойынша салық төлеушінің жеке шотына түседі.
Алматы қаласы бойынша МКД салық төлеушілерді жаңа талаптарды қатаң сақтауға шақырады. Құжаттарды дұрыс толтырмау төлемдердің дұрыс бөлінбеуіне және анықталмаған сомалардың туындауына әкелуі мүмкін.