logo

Қазақстанда жаңа Салық кодексі бойынша шағын берешекке қатысты өндіріп алу тәртібі өзгереді

14 мамыр, 2025

Жаңа Салық кодексі жобасына сәйкес, салықтық берешекті мәжбүрлі түрде өндіріп алу тәсілдері мен шараларын қолдану тәртібі жаңартылады. Бұл өзгерістер салық төлеушілер үшін жеңілдік жасауға бағытталған.

Қазіргі кезде берешек 1 теңгеден басталса да, салық органдары оны өндіріп ала алады. Ал банк шоттарына шектеу тек 6 АЕК-тен асқан жағдайда ғана қойылады.

Жаңа жобада берешек мөлшеріне қарай келесі үш деңгей белгіленген:

  • 20 АЕК-ке дейін — тек хабарлама жіберіледі және өсімпұл есептеледі. Басқа шаралар қолданылмайды.

  • 20-45 АЕК аралығы — шоттар мен касса бойынша шығыс операциялары тоқтатылып, инкассалық өкім жолдануы мүмкін.

  • 45 АЕК-тен жоғары — барлық шаралар қолданылып, мүлікті тәркілеу, дебиторлардан өндіру, елден шығуға тыйым салу және сот шешімімен банкроттық рәсімдері жүргізіледі.

Мұндай тәсіл салық әкімшілендіруін жеңілдетіп, адал кәсіпкерлер үшін тиімді болмақ.