Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі тұрақты даму бойынша халықаралық қаржылық есеп стандарттарын енгізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы БҰҰ Даму бағдарламасы (ПРООН) ұйымдастырған басқару және есептілік мәселелеріне арналған семинарда белгілі болды.
Іс-шараға Қаржы министрлігінің өкілдері мен халықаралық сарапшылар қатысты. Семинар барысында ақпарат ашудың стандарттары мен стратегиялық есептіліктің өзара байланысы және оның тұрақты даму саласындағы рөлі талқыланды. Министрлік бұл стандарттарды ұлттық деңгейде заңнамалық түрде бекітуді көздеп отыр.
Қазіргі таңда стандарттарды кезең-кезеңімен енгізу мәселелері бизнес құрылымдарымен және кәсіби қауымдастықпен бірлесе талқылануда. Сондай-ақ, мамандарды оқыту және қажетті біліктілікті арттыру бағытында жұмыстар жүргізілуде.
Жаңа стандарттар Қазақстанда басқарудың ашықтығын, есептілігін және тиімділігін арттыруға ықпал ететін болады.