logo

Қазақстанда кімдер өзін-өзі жұмыспен қамтыған ретінде тіркеле алады

04 маусым, 2025

Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды тіркеу шарттарын түсіндірді.

Өзін-өзі жұмыспен қамтыған ретінде тіркелу үшін азамат мынадай талаптарға сай болуы керек:

  • ресми жұмыс орнында тіркелмеген;
  • жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген;
  • жұмыссыз ретінде еңбек биржасында есепте тұрмайды;
  • жалдамалы қызметкерлері жоқ.

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар өз қолымен өндірген ауылшаруашылық өнімдерін сата алады. Бұл — көкөністер, жемістер, бал, сүт өнімдері және жұмыртқа. Бірақ қолдан жасалған бұйымдарды (мысалы, әшекейлер, кәдесыйлар) сату үшін міндетті түрде жеке кәсіпкер ретінде тіркелу қажет.

Сонымен қатар, репетиторлық, киім тігу, бала күтімі, тұрмыстық техника жөндеу, жүк тасу, жиһаз құрастыру секілді қызмет түрлерімен де айналысуға болады.

Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азамат тек жеке тұлғаларға қызмет көрсете алады.

Egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы өз статусыңызды тексеруге болады — мәліметтер жеке кабинетте қолжетімді.