logo

2025 жылдың II тоқсанына арналған экологиялық есепті қалай тапсыру керек

24 маусым, 2025

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі 2025 жылдың II тоқсаны үшін экологиялық есептілікті ұсыну тәртібі туралы табиғат пайдаланушыларға хабарлайды.

2025 жылғы 6 наурыздан бастап І және ІІ санаттағы нысандар үшін өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасын әзірлеу қағидаларына енгізілген өзгерістер күшіне енді. Жаңартылған талаптарға сәйкес өндірістік экологиялық бақылаудың құрылымы мен мазмұны өзгеріп жатыр, осыған байланысты «Қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі жөніндегі ұлттық деректер банкі» цифрлық платформасында тиісті компонентті жаңарту жұмыстары жүргізілуде.

Жаңарту жұмыстары аяқталғанға дейін 2025 жылдың II тоқсаны бойынша есептілік бұрын қолданыста болған нұсқа бойынша қабылданады.

Өндірістік экологиялық бақылаудың жаңа нұсқасын енгізу мерзімдері мен жаңа есеп формасына көшу тәртібі туралы қосымша хабарланады.

Табиғат пайдаланушылар есептілікті дайындау кезінде осы ақпаратты ескерулері қажет.