Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексіне өзгерістер енгізу туралы хаттама аясында электрондық сауда тауарлары ұғымы енгізіледі. Бұл өзгерістер Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 12 желтоқсандағы Жарлығымен мақұлданып, Мәжіліс ратификациялады.
Бұдан былай шетелдік интернет-платформалардан жеке тұлғалар сатып алатын және пошта арқылы жеткізілетін тауарлар жеке пайдалану үшін емес, жеке санатқа жататын электрондық сауда тауарлары ретінде рәсімделеді.
Хаттама аясында:
-
Электрондық саудаға арналған жаңа кедендік декларация түрі енгізіледі;
-
Шетелдік интернет-дүкендерден сатып алынған барлық тауарлар декларациялауға жатады;
-
Электрондық сауданың логистикасын, декларациялауын және кеден органдарымен өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін электрондық сауда операторы құрылады.
Салық салу тәртібі де өзгереді: сату сомасына қарамастан, сатушыдан сатып алушы елінің заңнамасына сәйкес ҚҚС алынады. Егер кедендік шек (200 еуро немесе 31 кг) асса, сатып алушы 5% мөлшерінде импорттық баж төлейді.