Мемлекеттік кірістер комитеті Салықтық әкімшілендіру интеграцияланған жүйесін (СӘИЖ) кезең-кезеңімен іске қосуда. Оның ішінде салық төлеушілер үшін жаңа кабинет – СӘИЖ СТК қолжетімді болды.
2025 жылғы 26 маусымнан бастап СТК арқылы келесі нысандарды тапсыру мүмкіндігі ашылады:
-
корпоративтік табыс салығы бойынша декларация (110.00 СЕН),
-
көлік, жер және мүлік салығы бойынша декларация (700.00 СЕН),
-
көлік салығы бойынша ағымдағы төлем есебі (701.00 СЕН),
-
жер және мүлік салығы бойынша төлемдер (701.01 СЕН),
-
ойын бизнесі салығы бойынша есеп (710.00 СЕН),
-
тіркелген шегерім қолданылатын арнаулы режимдегі декларация (912.00 СЕН),
-
шетелден ақша немесе мүлік алғаны туралы хабарлама мен есеп.
СӘИЖ СТК-не кіру үшін келесі сілтемені пайдаланыңыз: https://knp.kgd.gov.kz
Құжаттармен жұмыс істеу және жүйе функциялары туралы нұсқаулықтар «Қолдау – Көмек – Анықтамалық ақпарат» бөлімінде орналастырылған. Салық есептілігін уақтылы тапсыру үшін алдын ала танысу ұсынылады.