logo

2025 жылғы 28 маусымнан бастап ЭЦҚ тек жеке және биометрия арқылы беріледі

27 маусым, 2025

2025 жылғы 28 маусымнан бастап электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) кілттерін алу тек жеке түрде және биометриялық сәйкестендіру арқылы жүзеге асырылады. ЦОН арқылы сенімхатпен ЭЦҚ алу тоқтатылады.

Егер биометрия сәтсіз өтсе немесе мемлекеттік дерекқорда фотосурет болмаса, пайдаланушы ЭЦҚ-ны өзінің компьютері арқылы онлайн өтініп, кейін ЦОН-ға немесе шетелдегі мекемеге барып бетпе-бет сәйкестендіруден өтуі қажет.

ЭЦҚ — қолмен қойылған қолтаңбаға тең және заңды күші бар. Бұл талаптар ақпараттық қауіпсіздікті күшейту және бөтен адамдардың кілт алуын болдырмау үшін енгізілді.

Жаңа талаптар Цифрлық даму министрінің 2025 жылғы 4 маусымдағы №212/НҚ бұйрығымен бекітілді.

Толығырақ ақпарат: https://pki.gov.kz