Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2025 жылғы 16 маусымдағы № 53 бұйрығымен ауылдық елді мекендер мен шағын қалалардағы кәсіпкерлерге микрокредит беру және лизинг рәсімдері бойынша Ережелер бекітілді.
Құжат ауылдық жерлерде және шағын қалаларда жұмыс істейтін жеке және заңды тұлғалар үшін микрокредит пен лизинг алудың бірыңғай тәртібін белгілейді. Мақсаты — кәсіпкерлікті, ауыл шаруашылығы кооперациясын және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуді дамыту.
Негізгі талаптар:
-
микрокредит мерзімі — 7 жылға дейін, ауыл шаруашылығына жатпайтын жобалар үшін — 5 жылға дейін;
-
сыйақы мөлшерлемесі — жылына 2,5%-дан аспайды;
-
сома — 2 500 АЕК-ке дейін (9 830 000 теңге), өңдеу жобалары үшін — 8 000 АЕК-ке дейін (31 456 000 теңге);
-
ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарына лизинг шарттары да ұқсас.
Бастапқы скринингтен өткен, жұмыс орындарын құруға және кооперация мен қайта өңдеуге бағытталған жобаларға басымдық беріледі.
Аталған ережелер «Ауыл аманаты» жобасы аясында ауылдық аумақтарды орнықты дамыту, шағын бизнесті қолдау және жұмыспен қамтуды арттыру мақсатында қабылданды.