logo

ҚҚС бойынша тіркеу туралы өтініш Салық төлеушінің кабинетінде қабылданады

04 шілде, 2025

2025 жылдың 3 шілдесінен бастап қосылған құн салығы (ҚҚС) бойынша тіркеу туралы өтініштер Салықтық әкімшілендірудің жаңа жүйесі (СӘИЖ) аясында іске қосылған жаңа Салық төлеушінің кабинетінде қабылдана бастады — https://knp.kgd.gov.kz.

Мемлекеттік кірістер комитеті СӘИЖ деп аталатын жаңа ақпараттық жүйені кезең-кезеңімен енгізуде. Бұл жүйе арқылы салық төлеушілер ҚҚС бойынша тіркеу өтінішін онлайн түрде бере алады.

Бұған дейінгі берілген өтініштерді көру мүмкіндігі бұрынғы Салық төлеушінің кабинетінде әлі де қолжетімді — https://cabinet.kgd.gov.kz.

Сұрақтар туындаған жағдайда келесі байланыс арналарына жүгінуге болады:

  • Салық төлеушінің жаңа кабинетіне тіркелу бойынша: 8 (7172) 73 55 11, +7 (705) 956 53 71, эл. пошта: knpsd@ecc.kz

  • СӘИЖ жүйесінің жұмыс істеу тәртібі бойынша: Салық төлеушінің кабинетіндегі «Қолдау – Кері байланыс» бөліміндегі өтініш нысанын пайдалану қажет.