Мемлекеттік кірістер комитеті Салықтық әкімшілендірудің интеграцияланған жүйесін (СӘИЖ) кезең-кезеңімен іске қосуда. Жаңа жүйе салық төлеушінің жаңартылған кабинетін (СӘИЖ СТК) қамтиды.
2025 жылғы 16 шілдеден бастап СӘИЖ СТК арқылы келесі салықтық есептілік нысандарын ұсынуға болады:
-
Корпоративтік табыс салығы бойынша декларация (110.00 СЕН)
-
Жеке табыс салығы бойынша декларация (240.00 СЕН)
-
Роялти, өндіру бонусы, өнімді бөлу бойынша ҚР үлесі және қосымша төлемдер бойынша декларация (500.00 СЕН)
-
Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақының ағымдағы төлемдер есебі (851.00 СЕН)
-
Цифрлық майнинг үшін төлем бойынша декларация (880.00 СЕН)
-
Бірыңғай жер салығы бойынша декларация (920.00 СЕН)
СӘИЖ жүйесінің мақсаты – салық есептілігін оңай әрі қолжетімді ету, процестерді автоматтандыру және ашықтықты арттыру. Жаңа кабинет арқылы салық төлеушілер үшін есеп беру процесі жеңілдетіліп отыр.