logo

Қазақстандағы Салық кодексіне сәйкес салық мөлшерлемелері жаңартылды

24 шілде, 2025

Қазақстанда салық салу тәртібі жаңартылып, жаңа Салық кодексі күшіне енді. Онда ірі бизнес, шағын және орта кәсіпкерлік, жеке кәсіпкерлер мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін нақты салық мөлшерлемелері көрсетілген.

Ірі бизнес үшін корпоративтік табыс салығы (КТС) — 20%. Ал банктер, казинолар, букмекерлер мен тотализаторлар үшін — 25%. Қосылған құн салығы (ҚҚС) — 16%. Әлеуметтік салық 6%-ға төмендетілді.

Қызметкерлер үшін міндетті төлемдер:
— жеке табыс салығы (ЖТС) — 10%
— зейнетақы жарналары — 10%
— әлеуметтік салық — 11%
— әлеуметтік аударымдар — 5%
— міндетті медсақтандыру — 3%

Шағын және орта бизнес (ЖШС) 20% КТС, 6% әлеуметтік салық және қызметкерлер үшін аударымдар төлейді. Егер айналым 10 000 АЕК-тен (39 млн теңге) аспаса — ҚҚС төлеуден босатылады. Тек халықпен жұмыс істейтін және табысы 600 000 АЕК-тен (2,36 млрд теңге) аспайтын бизнес жеңілдетілген режиммен (СНР) 4% ставка бойынша салық төлей алады (немесе 2%, егер әкімдік шешсе).

Ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін КТС — 3%, кооперативтер үшін — 6%. Коммерциялық емес медицина ұйымдары үшін 5% ставка белгіленген. Кейбір дәрілік заттар ҚҚС-тан босатылады.

Жеке кәсіпкерлер 8500 АЕК-ке дейінгі табысқа 10% ЖТС төлейді. Артық табысқа — 15%. Егер жалпы тәртіпте жұмыс істеп, табыс 10 000 АЕК-тен асса, ҚҚС тіркеуіне тұруы тиіс.

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар ай сайынғы табысы 300 АЕК-тен аспаса (1,17 млн теңге) және жалдамалы жұмысшы болмаса, бірыңғай 4% салық төлейді. Бұл төлем барлық бұрынғы салықтар мен аударымдарды алмастырады.

Жаңартылған Салық кодексі кейбір жеңілдіктермен қатар, салық төлеушілер санын кеңейтіп, бақылауды күшейтті.