logo

Қазақстанда жеке тұлғалардың банкроттығы жеңілдетілді

28 шілде, 2025

2024 жылғы 25 тамыздан бастап Қазақстанда жеке тұлғалардың банкроттық рәсімдерін жеңілдетуге бағытталған заңнамаға өзгерістер күшіне енді. Бұл түзетулер банкроттық рәсімін бастау, өтініш беру және мерзімдерді есептеу тәртібіне қатысты бірқатар маңызды жеңілдіктерді қамтиды.

Негізгі өзгерістер:

Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін енді борышкердің мүлкі немесе мерзімі өткен қарызы болмаса да қолдануға болады.

  • Соттан тыс банкроттық рәсімі кез келген ұйымдар алдындағы міндеттемелер бойынша қолдануға рұқсат етіледі. Бұған лицензиясынан айырылған, таратылу кезеңінде тұрған немесе реестрден шығарылған ұйымдар да кіреді. Бұл – банктік қарыз, несие және микрокредит шарттары бойынша берешектерге қатысты.
  • Соттан тыс банкроттыққа өтініш беру тәртібі жеңілдеді — борышкер енді несие беруші туралы мәліметтерді, қарыз сомасын көрсетпейді және құжаттар қоса тіркелмейді.
  • Мерзімді есептеу тәртібі нақтыланды: 1 АЕК-тен төмен төлемдер өтелген төлем ретінде есептелмейді. Коллекторлық агенттікке берілген берешектер бойынша мерзім соңғы төлем күнінен бастап құқық (талап) беру күніне дейін есептеледі.
  • Қарызды реттеу мерзімі өзгертілді — егер 12 айдан астам төлем болмаған жағдайда, борышты реттеу рәсімін жүргізу талап етілмейді.

Бұл өзгерістер қаржылық қиындыққа тап болған азаматтарға банкроттық рәсімін жеңіл әрі қолжетімді етуге бағытталған.