Мемлекеттік кірістер органдары камералдық бақылауды салық есептілігін және өзге де мәліметтерді салыстыру арқылы жүргізеді. Алайда салық төлеушілердің жіберетін жиі қателері салдарынан камералдық бақылау нәтижесі бойынша ескерту хабарламалары жолданады.
Камералдық бақылау кезінде жиі кездесетін қателіктерге мыналар жатады:
-
электрондық шот-фактураны дұрыс толтырмау — шетел валютасының кодтарын қате көрсету, тауарлар мен қызметтер бойынша айналымды нақтыламау, жеткізуші немесе сатып алушы санатын көрсетпеу;
-
салық есептілігін дұрыс тапсырмау — жеткізушілер бойынша деректерді қайталау, арифметикалық қателіктер, бос немесе бірдей есептерді бірнеше рет жіберу, өткен жылғы мәліметтерді (қалдықтар, шығындар, құндық теңгерім) қате көшіру;
-
онлайн-ККМ қолдану ережесін бұзу — түбіртек берілмеуі, сомаға қатысты қате, қайтарым рәсімдерінің болмауы.
ЭСФ мен салық есептерін дұрыс толтырып, онлайн-ККМ талаптарын сақтаған салық төлеуші камералдық бақылау ескертулерінен қорғана алады.
Салық органдары есептілік тапсырғанда мұқият болуды ұсынады. Бұл камералдық бақылау нәтижесінде ескерту алудың алдын алады.