logo

СӘИЖ СТК жаңа есеп нысандары 2025 жылғы 8 тамыздан қолжетімді

08 тамыз, 2025

Мемлекеттік кірістер комитеті Салықтық әкімшілендіру интеграцияланған жүйесін (СӘИЖ) кезең-кезеңімен іске қосуды жалғастыруда. Оның ішінде салық төлеушінің жаңа кабинеті – СӘИЖ СТК жұмыс істеп тұр.

2025 жылғы 8 тамыздан бастап СӘИЖ СТК жүйесінде келесі салық есептілік нысандарын тапсыруға болады:

  • корпоративтік табыс салығы бойынша декларация (100.00 СЕН)

  • қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы бойынша декларация (870.00 СЕН)

  • халықаралық топқа қатысу туралы өтініш

  • трансферттік баға белгілеу бойынша еларалық есептілік

  • трансферттік баға белгілеу бойынша негізгі есептілік

СӘИЖ СТК жүйесіне кіру үшін https://knp.kgd.gov.kz сілтемесін пайдаланыңыз. Құжаттармен және функционалмен жұмыс істеу нұсқаулығы СӘИЖ СТК жүйесінің «Қолдау – Көмек – Анықтамалық ақпарат» бөлімінде орналастырылған.

Сұрақтар туындаған жағдайда қолдау қызметіне knpsd@ecc.kz электрондық поштасы немесе 8 (7172) 73 55 11, +7 (705) 956 53 71 телефондары арқылы хабарласуға болады.

Маңызды ақпарат — СӘИЖ СТК жаңа қызметі іске қосылғаннан кейін жоғарыда көрсетілген нысандарды ескі салық төлеуші кабинеті және СЕӨЖ арқылы тапсыру мүмкін болмайды.