logo

Қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш СӘИЖ СТК жүйесіне ауыстырылды

22 тамыз, 2025

Мемлекеттік кірістер комитеті салықтық әкімшілендірудің жаңа ақпараттық жүйесін (СӘИЖ) кезең-кезеңімен енгізіп жатыр. Жаңа жүйенің құрамына салық төлеушінің жаңа кабинеті (СӘИЖ СТК) де кіреді.

Қызметті тоқтату туралы салықтық өтінішті қабылдау енді СӘИЖ СТК порталында (https://knp.kgd.gov.kz) жүзеге асырылады. Бұрын берілген өтініштерді қарау мүмкіндігі қолданыстағы салық төлеушінің кабинетінде (https://cabinet.kgd.gov.kz) сақталды.

Сұрақтар туындаған жағдайда салық төлеушілер Қолдау қызметіне 8 (7172) 73 55 11 және +7 (705) 956 53 71 телефондары арқылы немесе knpsd@ecc.kz электрондық поштасына хабарласа алады.

Жаңа СӘИЖ СТК жүйесі салық төлеушілер үшін қолайлылықты арттыруға және салықтық әкімшілендіруді автоматтандыруға бағытталған.