Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті салықтық әкімшілендірудің жаңа ақпараттық жүйесін (СӘИЖ), соның ішінде Салық төлеушінің жаңа кабинетiн (СӘИЖ СТК) кезең-кезеңімен іске қосуда.
2025 жылғы 25 тамыздан бастап СӘИЖ Салық төлеушінің кабинетi арқылы келесі салықтық өтініштерді онлайн жіберу қолжетімді болады:
-
Қазақстандағы кірістер мен ұсталған (төленген) салықтар сомасы туралы анықтама алу өтініші;
-
Салық есептілігін тоқтата тұру, ұзарту немесе қайта бастау туралы өтініш;
-
Салық төлеуші немесе салық агентінің есептілігін кері қайтарып алу өтініші;
-
Грант қаражаты есебінен сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша төленген қосылған құн салығын қайтару өтініші;
-
Қосылған құн салығының артық сомаларын растау өтініші.
Жаңа СӘИЖ Салық төлеушінің кабинетіне https://knp.kgd.gov.kz ресми сілтемесі арқылы кіруге болады. Жүйемен жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулықтар «Қолдау – Көмек – Анықтамалық ақпарат» бөлімінде орналастырылған.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда қолдау қызметіне knpsd@ecc.kz электронды мекенжайы арқылы немесе 8 (7172) 73 55 11, +7 (705) 956 53 71 телефондары арқылы хабарласуға болады.
Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлайды: СӘИЖ Салық төлеушінің жаңа кабинеті іске қосылғаннан кейін көрсетілген өтініш нысандарын ескі СТК және СОНО арқылы жіберу мүмкіндігі жабылады.