Қазақстан Республикасында салықтық берешекті мәжбүрлеп өндіру тәртібі өзгерді. Енді жаңа Салық кодексіне сәйкес салықтық берешек сомасына байланысты дифференциалды тәсіл қолданылады.
Жаңа ережелерге сәйкес:
-
20 АЕК-ке дейінгі берешек болған жағдайда салық төлеушіге берешек пайда болғаны туралы хабарлама жіберіледі және өсімпұл есептеледі, басқа шаралар қолданылмайды;
-
20-45 АЕК аралығында берешек болса, қарызды өтеу туралы хабарлама жіберіледі, банктік шоттар мен касса бойынша шығыс операциялары тоқтатылады, инкассалық өкім қойылады;
-
45 АЕК-тен жоғары берешек кезінде барлық мәжбүрлеу шаралары қолданылады, оның ішінде мүлікті түгендеу және сату, дебиторлар есебінен өндіріп алу;
-
27 000 АЕК-тен жоғары берешек кезінде (үш ай ішінде өтелмеген жағдайда және сот санкциясымен) салық төлеушінің елден шығуына шектеу қойылады, сонымен қатар банкроттық рәсімі басталуы мүмкін.
Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, мәжбүрлеу шаралары қолданылғанға дейін орта және жоғары тәуекел деңгейіндегі салық төлеушілерге қарызды өтеу қажеттілігі туралы хабарлама жіберіледі.
Жаңа жүйе салықтық берешекті өндіруді қарыз көлеміне қарай икемді түрде реттеуге мүмкіндік береді.