logo

Салықтық жүктеме коэффициентін есептеу: 2026 жылдан бастап қандай өзгерістер енгізіледі

17 желтоқсан, 2025

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап салықтық жүктеме коэффициентін (СЖК) есептеудің жаңартылған қағидалары күшіне енеді.

Жаңа нормалар Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексінің 45-бабының 2-тармағында, сондай-ақ ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 23 қазандағы №620 бұйрығымен бекітілген «Салықтық жүктеме коэффициентін есептеу қағидаларында» көзделген.

СЖК есептеудегі негізгі жаңалықтар

  1. Орташа салалық салықтық жүктеме коэффициенті жеке есептеледі:

    • арнайы салық режимдерін (АСР) қолданатын салық төлеушілер үшін;

    • жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жұмыс істейтін салық төлеушілер үшін.

  2. Есептеу мерзімділігі өзгертілді — орташа салалық СЖК жылына бір рет, есепті жылдан кейінгі жылдың 1 мамырына айқындалады.