Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі ҚР жаңа Салық кодексінің 169-бабының 2-тармағын іске асыру мақсатында салық төлеушіге (салық агентіне) салықтық тексерудің алдын ала актісін табыстау, оған жазбаша қарсылық беру және мұндай қарсылықтарды қарау тәртібі мен мерзімдерін жаңартты.
Құжат салықтық тексерулер жүргізу кезінде мемлекеттік кірістер органдары мен салық төлеушілер арасындағы өзара іс-қимыл тәртібін нақтылайды.
Жаңа қағидалар 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді және салықтық бақылау рәсімдерін бизнес үшін анағұрлым ашық әрі қолайлы етуге бағытталған.
Негізгі жаңалықтар
-
Алдын ала салықтық тексеру актісі барлық тексерулер бойынша табысталады, егер олар:
-
бюджетке немесе әлеуметтік қорларға төленетін салықтар мен міндетті төлемдердің есептелуіне;
-
залалдардың азаюына әкеп соқса.
Бұрын алдын ала акт тек 20 000 АЕК-тен асатын есептеулер кезінде ғана табысталатын.
-
-
Салық төлеушілердің қарсылықтарын мемлекеттік кірістер департаменттері қарайды, тексеруді қай құрылым жүргізгеніне қарамастан. Бұл тәсіл бірізділікті қамтамасыз етеді және өтініштерді қарау сапасын арттырады.
-
Ірі салық төлеушілердің, Салық кодексінің 144-бабының 3-тармағына сәйкес мониторингке жататын, сондай-ақ инвестициялық және (немесе) арнайы инвестициялық келісімшарттар жасаған тұлғалардың қарсылықтарын ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті қарайды.
-
Алдын ала актіні табыстаудың «кемінде 5 жұмыс күні» деген нақты мерзімі алып тасталды. Енді мерзім салықтық тексерудің шекті ұзақтығын ескере отырып айқындалады.
-
Салық кодексіне сәйкес, жекелеген санаттағы салық төлеушілер үшін тексеру мерзімі 180 күнтізбелік күннен аспауға тиіс.
-
Жазбаша қарсылықтарды қағаз жүзінде де, электрондық форматта да ұсынуға болады, бұл рәсімді жеделдетеді.
-
Салық төлеуші алдын ала актінің нәтижелерімен келіскен жағдайда, жазбаша келісім ұсынуға құқылы.
+7 (707) 350 02 20