Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мүлікке салынатын салықтар бойынша салық салу тәртібіне өзгерістер мен нақтылаулар енгізілгенін хабарлайды. Өзгерістер салықтық әкімшілендіруді жеңілдетуге және салық жүктемесінің әділдігін арттыруға бағытталған және 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Көлік құралдарына салынатын салық
Көлік құралдарының пайдалану мерзіміне байланысты төмендету коэффициенттері белгіленді:
-
пайдалану мерзімі 10 жылдан асқан жағдайда — 0,7 коэффициенті;
-
пайдалану мерзімі 20 жылдан асқан жағдайда — 0,5 коэффициенті.
Шаруа қожалықтары пикап көлік құралдары бойынша көлік салығын төлеуден босатылады.
Сондай-ақ көлік құралдарына салынатын салық бойынша ағымдағы төлемдерді есептеу алынып тасталды.
Жер салығы
Жер салығы бойынша ағымдағы төлемдерді есептеу алынып тасталды.
Елді мекендер шегінде орналасқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер бойынша жер салығын есептеу тәртібі нақтыланды.
Нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері үшін жер салығының мөлшерлемесін 40 есеге арттыру көзделген.
Мүлік салығы
Егер салықтық міндеттемелер сомасы 300 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын болса, мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдерді есептеу алынып тасталды.
Ғимараттар мен құрылыстар бойынша салық базасы бухгалтерлік есеп деректері негізінде, мүлікті қайта бағалауды ескере отырып айқындалатын орташа жылдық баланстық құн болып табылады.
Мүлікті қайта бағалау кемінде үш жылда бір рет жүргізілуі тиіс.
Өзгерістер салық төлеушілерге түсетін әкімшілік жүктемені азайтуға және мүлікке салынатын салық салу тетіктерін жетілдіруге бағытталған.
+7 (707) 350 02 20