logo

Оңайлатылған декларация негізіндегі АСР бойынша 910.00 және 200.00 нысандары тапсырылады

13 қаңтар, 2026

Оңайлатылған декларация негізіндегі АСР бойынша 910.00 және 200.00 нысандары тапсырылады

2026 жылдан бастап оңайлатылған декларация негізіндегі арнайы салық режимін (АСР) Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда қолдана алады.

АСР қолдану үшін келесі шарттар сақталуы тиіс:

  1. күнтізбелік жылдағы шекті табыс 600 000 еселенген АЕК-тен аспауы тиіс, бұл
    4 325 × 600 000 = 2 595 000 000 теңге;

  2. жүзеге асырылатын қызмет түрлері Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен, АСР қолдануға тыйым салынған қызмет түрлерінің тізбесіне кірмеуі қажет.

Сонымен қатар, келесі тұлғалар оңайлатылған декларация негізіндегі АСР-ды қолдана алмайды:

  • басқа заңды тұлғалардың қатысу үлесі 25 %-дан асатын заңды тұлғалар;

  • құрылтайшысы немесе қатысушысы бір мезгілде басқа АСР қолданатын заңды тұлғаның құрылтайшысы немесе қатысушысы болып табылатын заңды тұлғалар;

  • құрылтайшысы немесе қатысушысы арнайы салық режимін қолданатын заңды тұлғалар;

  • арнайы салық режимін қолданатын заңды тұлғаның құрылтайшысы немесе қатысушысы болып табылатын жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер;

  • коммерциялық емес ұйымдар;

  • арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың, соның ішінде «Астана Хаб» қатысушылары;

  • бірлескен қызмет туралы шарттар аясында қызмет атқаратын салық төлеушілер.

Оңайлатылған декларация негізіндегі АСР қолдану кезінде корпоративтік немесе жеке табыс салығы (төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда) салық төлеуші тарапынан есептеліп, есепті салық кезеңіндегі салық салу объектісіне 4 % мөлшерлеме қолдану арқылы анықталады.
Бұл ретте жергілікті мәслихаттардың шешімдеріне сәйкес өңірлерде мөлшерлемелердің төмендетілген нұсқалары белгіленуі мүмкін, орташа есеппен 3 %-дан 2 %-ға дейін.

Оңайлатылған декларация негізіндегі АСР үшін салықтық және есептік кезең — жартыжылдық.

ҚР жаңа Салық кодексінің 722-бабының 3-тармағына сәйкес, аталған режимді қолдану кезінде 910.00 нысаны сақталады және ол жылына екі рет, есепті жартыжылдықтан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей, салық төлеушінің орналасқан жері бойынша салық органына тапсырылады.

Жалдамалы жұмыскерлер болған жағдайда Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация (200.00 нысаны) тапсыру міндеті туындайды. Бұл нысан тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей ұсынылады.

Сонымен қатар ай сайын келесі төлемдер төленуге жатады:
төлем көзінен ұсталатын ЖТС, ОПВ, ОПВР, ОППВ, әлеуметтік аударымдар, МӘМС аударымдары мен жарналары.