logo

«ЭСФ» АЖ: ҚҚС-тың 5 % және 16 % мөлшерлемелерін қолдану үшін кіру мекенжайын таңдау

19 қаңтар, 2026

Мемлекеттік кірістер комитеті «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесі бірыңғай контурда және бір портал мекенжайы арқылы жұмыс істейтінін хабарлайды.

https://esf.gov.kz:8443/esf-web/app
және
https://esf.gov.kz:8443/esf-web/login

сілтемелері «ЭСФ» АЖ-нің бір веб-қосымшасына жатады және жүйенің әртүрлі нұсқалары болып табылмайды.

Белгілі бір URL-мекенжайды пайдалану жүйе функционалының қолжетімділігіне, соның ішінде ҚҚС-тың 5 % және 16 % мөлшерлемелерін қолдану мүмкіндігіне әсер етпейді.

2026 жылы ҚҚС бойынша есепке тұрған кейбір салық төлеушілерде ҚҚС мөлшерлемелерін таңдау мүмкіндігінің болмауы порталға кіру мекенжайымен байланысты емес.

Электрондық шот-фактураларды қалыптастыру және қолжетімді ҚҚС мөлшерлемелері салық төлеушінің мәртебесіне, ҚҚС бойынша тіркеу деректеріне және осы мәліметтердің жүйеде дұрыс көрсетілуіне байланысты айқындалады.