ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа Салық кодексі күшіне енгенін және онда үш арнаулы салық режимі көзделгенін еске салады:
-
өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін АСР;
-
оңайлатылған декларация негізіндегі АСР;
-
шаруа (фермер) қожалықтары үшін АСР.
1. Оңайлатылған декларация негізіндегі АСР-ге көшу
Оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолдануды жоспарлаған салық төлеушілер 2026 жылғы 1 наурызға дейін қолданылатын салық режимі туралы хабарлама ұсынуы қажет.
Белгіленген мерзімге дейін хабарлама ұсынылмаған жағдайда, салық төлеушілер 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жалпыға бірдей белгіленген салық салу режиміне автоматты түрде ауыстырылады.
Хабарламаны келесі тәсілдермен беруге болады:
-
Салық төлеушінің кабинеті арқылы (ИС ИСНА: «Құжаттарды беру» → «Қолданылатын салық режимі туралы хабарлама»);
-
«E-Salyq Business» мобильді қосымшасы арқылы («Сервистер» → «ЖК салық режимін өзгерту»);
-
орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына қағаз түрінде;
-
банктердің мобильді қосымшалары арқылы.
Анықтама: қазіргі уақытта бұл сервис Kaspi Bank қосымшасында «Мемлекеттік қызметтер» → «ЖК деректемелері мен салық режимін өзгерту» бөлімінде іске асырылған.
2025 жылдың соңында «көшу» себебімен хабарламаны қате берген салық төлеушілердің назарына!
2026 жылғы 12 қаңтардан бастап жүйеде «көшу» себебімен хабарламаны қайта беру мүмкіндігі қолжетімді. Осыған байланысты қате хабарлама берген салық төлеушілер жаңа хабарлама ұсынуы қажет.
2. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар режиміне көшу
2026 жылғы 1 наурызда салық органдары 2025 жылы:
-
патент негізіндегі АСР-ді;
-
арнайы мобильді қосымшаны пайдалана отырып АСР-ді
қолданған жеке кәсіпкерлерді автоматты түрде есептен шығарады.
Есептен шығару күні ретінде 2026 жылғы 1 қаңтар танылады, бұл ретте өз бетінше есептен шығу туралы өтініш беру құқығы сақталады.
Ескерту: егер салық төлеуші басқа салық режимін таңдап, тиісті хабарлама берген болса, есептен шығару жүргізілмейді.
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін АСР қолданудың басталу күні «E-Salyq Business» мобильді қосымшасында алғашқы чектің қалыптастырылған күні болып табылады.
3. Шаруа (фермер) қожалықтары үшін АСР
Шаруа (фермер) қожалықтары үшін арнаулы салық режиміне көшу 2026 жылғы 1 наурызға дейін автоматты түрде жүзеге асырылады және хабарлама беруді талап етпейді.
+7 (707) 350 02 20