Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша салық, кедендік және әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі бар жеке және заңды тұлғалар туралы ақпаратты жариялады.
Жарияланған тізімдерге келесі санаттағы төлеушілер енгізілді:
-
Кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы және өтемақы баждары, өсімпұлдар мен пайыздар бойынша берешегі бар, төрт ай ішінде өтелмеген төлеушілер — 1 274 субъект.
-
Жеке кәсіпкерлер мен жеке практикамен айналысатын тұлғалар, салық берешегі 10 АЕК-тен асатын және төрт ай ішінде өтелмеген — 25 571 субъект.
-
Заңды тұлғалар және олардың құрылымдық бөлімшелері, салық берешегі 150 АЕК-тен асатын және төрт ай ішінде өтелмеген — 16 773 субъект.
-
Міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша, алты айдан астам мерзімде өтелмеген берешегі бар агенттер — 57 277 субъект.
-
Әлеуметтік аударымдар бойынша, алты айдан астам мерзімде өтелмеген берешегі бар төлеушілер — 50 142 субъект.
-
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының аударымдары және (немесе) жарналары бойынша, алты айдан астам мерзімде өтелмеген берешегі бар төлеушілер — 63 143 субъект.
МКК берешектің болуы мәжбүрлеп өндіру шараларына және жекелеген операцияларды жүргізуге шектеулер қоюға әкеп соғуы мүмкін екенін ескертеді.
+7 (707) 350 02 20