Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті резидент емес тұлғалардан жұмыстар мен қызметтерді сатып алу бойынша электрондық шот-фактураны (ЭСФ) рәсімдеу тәртібін түсіндірді.
Мұндай айналымдар бойынша ЭСФ жазу талаптарының енгізілуі олардың әкімшілендірілуінің күрделілігімен байланысты. ҚҚС бойынша декларацияны (300.00 нысаны) тапсыруға дейін ақпараттық жүйелерде мәліметтердің болмауы ҚҚС-ты есепке жатқызу сомаларының бұрмалануына және камералдық бақылау сапасының төмендеуіне әкеледі.
Резидент емес тұлға үшін ҚҚС бойынша ЭСФ өзіне бюджетке ҚҚС төленген күннен кейін, бірақ сол күннен бастап 5 күнтізбелік күннен кешіктірмей жазылады. ҚҚС төлеуші резидент емес тұлға үшін төленген ҚҚС сомасын ЭСФ жазылған күн бойынша есепке жатқызуға құқылы.
Ұсынылған тетік ҚҚС-ты есепке жатқызу күнін нақты айқындауға мүмкіндік береді және әкімшілендіруді жеңілдетіп, камералдық бақылау хабарламаларының санын азайтады.
Резидент емес тұлға үшін ЭСФ ИС ЭСФ порталында, сондай-ақ салық төлеушілер қолданатын есептік жүйелер арқылы (оның ішінде 1С) рәсімделуі мүмкін. Ол үшін «ЭСФ» журналында «ЭСФ құру» батырмасын басып, жеткізуші санаты ретінде «Резидент емес (жұмыстарды, қызметтерді жеткізуші)» таңдалады.
Осы санатты таңдағаннан кейін алушы бөлімі салық төлеушінің тіркеу деректері негізінде автоматты түрде толтырылады. «Жеткізуші» бөлімі резидент емес тұлғаның деректерін енгізу үшін қолжетімді болады.
Егер резидент емес тұлға ЕАЭО елдерінің резиденті болса (Ресей — RU, Беларусь — BY, Қырғызстан — KG, Армения — AM), оның ЖСН/БСН көрсетілуі қажет.
+7 (707) 350 02 20