2026 жылғы қаңтардың алғашқы 10 күні ішінде Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексі аясында 66 мың жеке тұлға өз қызметін заңдастырып, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мәртебесінде жұмыс істей бастады.
Бұрын бұл азаматтар жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей қызмет көрсеткен. Арнайы салық режимінің енгізілуі олардың қызметін заңды түрде және артық әкімшілік рәсімдерсіз жүргізуіне мүмкіндік берді.
Бұл көрсеткіш 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнайы салық режимінің (АСР) арқасында мүмкін болды.
Аталған режим жеке еңбегі арқылы табыс табатын және қызметін өз бетінше жүзеге асыратын жеке тұлғаларға арналған.
Режим кімдерге арналған
Арнайы салық режимі келесі талаптарға сай келетін тұлғаларға қолданылады:
-
жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген;
-
жалдамалы қызметкерлерді пайдаланбайды;
-
ҚР Үкіметінің 2025 жылғы 21 қарашадағы № 994 қаулысымен рұқсат етілген қызмет түрлерін жүзеге асырады;
-
ай сайынғы табысы 300 АЕК-тен аспайды (2026 жылы шамамен 1,3 млн теңге).
Режимнің негізгі артықшылықтары
Өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғалар:
-
жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге міндетті емес;
-
жеке табыс салығын төлемейді (ЖТС мөлшерлемесі — 0%);
-
табыстың 4% мөлшерінде әлеуметтік төлемдер төлейді, оның ішінде:
1% — міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ),
1% — міндетті зейнетақы жарналары жұмыс берушінің есебінен (МЗЖЖ),
1% — әлеуметтік аударымдар,
1% — міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар (МӘМС); -
салықтық есептілік тапсырудан босатылған;
-
«e-Salyq Business» мобильді қосымшасы арқылы жұмыс істейді, онда ККМ қолданбай чектер қалыптастырылады және әлеуметтік төлемдер автоматты түрде есептеледі;
-
интернет-платформалар арқылы жұмыс істеген жағдайда чектер мен әлеуметтік төлемдерді платформа операторы қалыптастырып, ұстап және аударады.
+7 (707) 350 02 20