logo

Қоршаған ортаға теріс әсер үшін төлем бойынша КБК өзгертілді

11 ақпан, 2026

ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті қоршаған ортаға теріс әсер үшін төлем бойынша бюджеттік сыныптама кодының өзгергенін хабарлады.

Бюджет кодексіне сәйкес аталған төлем түрі арнайы түсімдерге жатады. Осыған байланысты Қаржы министрлігі кодты сәйкестендіру мақсатында 105316 КБК-ны 401101 кодысына ауыстырды.

870.00 нысанындағы декларация бойынша деректерді бөлу жаңартуы 2026 жылғы 3 ақпанда енгізілді.

Маңызды:
Төлемнің бюджетке дұрыс есептелуі үшін қоршаған ортаға теріс әсер үшін төлем 401101 КБК бойынша жүргізілуі тиіс.