logo

микро және шағын бизнес үшін өсімпұл мен айыппұлды есептен шығару

19 ақпан, 2026

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бекіткен жаңа Қағидалар күшіне енгенін хабарлады. Қағидаларға сәйкес микро және шағын бизнес субъектілері негізгі салық берешегін толық өтеген жағдайда өсімпұл мен айыппұлды есептен шығара алады.

Құжат Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі 2026 жылғы 13 ақпанда № 37975 болып тіркелді.

Кімдер пайдалана алады

2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша салықтар бойынша берешегі бар микро және шағын кәсіпкерлік субъектілері.

Қандай шарттармен есептен шығарылады

Егер кәсіпкер 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қалыптасқан негізгі берешекті (недоимканы) 2026 жылғы 1 қаңтар мен 31 наурыз аралығында толық өтесе:

  • толық төленген күнге дейін есептелген барлық өсімпұл есептен шығарылады;

  • берешек өтелген салықтар мен міндетті төлемдер бойынша айыппұлдар есептен шығарылады;

  • 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін ҚҚС бойынша тіркеуге тұрмаған кезеңде жасалған айналымдар үшін салынған айыппұлдар (2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары болмаған жағдайда) есептен шығарылуы мүмкін.

Есептен шығару тәртібі

Бұл мүмкіндікті пайдалану үшін негізгі берешекті 2026 жылғы 31 наурызға дейін толық өтеу қажет.
Одан кейін мемлекеттік кірістер органдары жанындағы арнайы комиссиялар дербес шоттарды тексеру нәтижелері бойынша өсімпұл мен айыппұлды есептен шығарады.